18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке косалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2009 жылға ұсынатын бағаларды түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда № 9-8-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30 тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 70 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2009 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.

      2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.

      Денисов ауданының әкімі                    А. Кушнир

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады