Әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 124 "2008-2009 жылдарға арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстардың түрлерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 шілдедегі № 139 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 тамызда № 9-8-132 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 316 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2009.12.28 № 316 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3-тармағына және 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42 бабы 1-тармағына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 124 "2008-2009 жылдарға арналған қоғамдық-пайдалы жұмыстардың түрлерінің тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-94 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2008 жылғы 16 мамырда санында жарияланған) қаулысының аталымы жаңа редакцияда жазылсын:
      "бекіту", "бекітілсін" деген сөздер "белгілеу", "белгіленсін" деген сөздерге ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                         М. Мұратбеков

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Денисов ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Д. Мұсылманқұлова
      2009.07.07. ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады