2009 жылдың 28 қаңтарындағы № 112 мәслихаттың "Денисов ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгертуді енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 142 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 тамызда № 9-8-133 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 235 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.09.09 № 235 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызында № 213 "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 28 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:

      1. 2009 жылдың 28 қаңтарындағы № 112 мәслихаттың "Денисов ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы" шешіміне енгізу (№ 9-8-120 Реестірінің мемлекеттік тіркеуіндегі нормативтік құқықтық актілерінде тіркелген, 2009 жылдың 3 сәуірінде, 2009 жылдың 10 сәуірінде "Наше время" аудандық гәзетінде жарияланды) келесі өзгертуді:
      Ереженің 13 тармағын жаңа редакцияда жариялау:
      "13. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы" кодексіне сәйкес осы Ережені бұзғаны үшін ескерту немесе айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған. Осы санаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде істерді ішкі істер бөлімі қарастырады.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының кезекті
      он бірінші сессиясының төрағасы            В. Морковник

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады