Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 31.01.2013 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан "Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талонның құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн тізбелік өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы Б. Тойбағоров
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Тойбағоров
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Салық комитеті
Қостанай облысы бойынша Салық
департаменті Денисов ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Б. Мақашев
2009 жылдың 23 қарашасындағы
№ 166 мәслихатының шешіміне
1 қосымша
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып табылатын
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін
біржолғы талонның құны
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
№ |
Қызмет түрі |
Біржолғы талонның |
1 |
Гәзет пен журналдарды сату |
45 |
2 |
Тұқым, сондай-ақ, |
45 |
3 |
Бақша дақылдарын сату |
200 |
4 |
Саяжайларда және үй маңындағы |
45 |
5 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, |
45 |
6 |
Жер учаскелерін өңдеу жөнінде |
170 |
7 |
Үй жануарлар мен құстарын бағу |
160 |
2009 жылдың 23 қарашасындағы
№ 166 мәслихатының шешіміне
2 қосымша
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары,
оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
үшін бір жолғы талонның құны
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
№ |
Қызмет түрі |
Біржолғы талонның |
1 |
Базар аумағындағы |
115 |