Біржолғы талонның құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы № 166 шешімі. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда № 9-8-140 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 31.01.2013 № 2 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан "Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін біржолғы талонның құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
      2. Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы талонның құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күн тізбелік өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                    Б. Тойбағоров

      Денисов аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б. Тойбағоров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігінің Салық комитеті
      Қостанай облысы бойынша Салық
      департаменті Денисов ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ___________________ Б. Мақашев

2009 жылдың 23 қарашасындағы
№ 166 мәслихатының шешіміне
1 қосымша        

Қызметі дүркін-дүркін сипатта болып табылатын
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін
біржолғы талонның құны

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.

Қызмет түрі

Біржолғы талонның
құны (теңгеде)

1

Гәзет пен журналдарды сату
(стационарлық үй-жайларда
қызметті жүзеге асыруды
қоспағанда)

45

2

Тұқым, сондай-ақ,
отырғызылатын материал
(екпелер, көшет) сату
(стационарлық үй-жайларда
жүзеге асыратын қызметтерді
қоспағанда)

45

3

Бақша дақылдарын сату
(стационарлық үй-жайларда
жүзеге асыратын қызметтерді
қоспағанда)

200

4

Саяжайларда және үй маңындағы
учаскелерде өсірілген табиғи
гүлді сату (стационарлық
үй-жайларда жүзеге асыратын
қызметтерді қоспағанда)
(көшеттер, рассаданы)

45

5

Қосалқы ауыл шаруашылығы,
бағбандық, бақшашылық және
саяжай учаскілерінің
өнімдерін, жануарлар мен
құстардың жемдерін,
сыпыртқылар, сыпырғылар, орман
жидегін, бал, саңырауқұлақ
және балық сату (стационарлық
үй-жайларда жүзеге асыратын
қызметтерді қоспағанда)
(көшеттер, рассаданы)

45

6

Жер учаскелерін өңдеу жөнінде
жеке трактор иелерінің
көрсететін қызметі

170

7

Үй жануарлар мен құстарын бағу

160

2009 жылдың 23 қарашасындағы
№ 166 мәслихатының шешіміне
2 қосымша        

Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары,
оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
үшін бір жолғы талонның құны

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді – Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2010.10.21 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімі.

Қызмет түрі

Біржолғы талонның
құны (теңгеде)

1

Базар аумағындағы
дүңгіршектердегі, стационарлық
үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы
қоспағанда, базарларда
тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету

115

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады