Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 31.01.2013 № 2 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 166 "Біржолғы талонның құнын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-140 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 1 қаңтарда "Наше время" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізу:
көрсетілген мәслихат шешімінің мәтініңде және қосымшаларында "жеке тұлғалар" сөздерді "Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар" сөздерімен ауыстыру.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының
төрағасы С. Однодворский
Денисов аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Тойбағоров
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
қаржы министрлігінің
Салық комитеті Қостанай
облысы бойынша салық
департаменті Денисов
ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ Б. Мақашев