Жангелдин ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 161 "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 39 қаулысы. Қостанай облысы Жангелдин ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 3 наурызда № 9-9-99 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі № 161 "Үйде тәрбиеленіп және оқып жатқан мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2008 жылы 14 тамызда № 9-9-87 тіркелген аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2008 жылы 29 тамыздағы № 35 (7925) санында жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерту енгізілсін:
      1-тармақтың "алты есептік көрсеткіш" деген сөздер "сегіз есептік көрсеткіш" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін;
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы                  Т. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады