Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2009.09.07 № 133 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы ШЕШТІ:
1. Жангелдин ауданының көлемінде ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне бір күнге төленетін бір жолғы талон төлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин аудандық мәслихаты
кезекті тоғызыншы сессиясының
төрағасы Р. Рыскелдин
Жангелдин аудандық
мәслихатының хатшысы Т. Даркенов
КЕЛІСІЛДІ
"Жангелдин ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Х. Зейнеке
Мәслихаттың
2009 жылғы 22 шілдедегі
№ 117 шешімімен бекітілген
Жанкелдин ауданының көлемінде ара-тұра сипаттағы
кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне бір күнге
төленетін бір жолғы талондарының құны
№ | Қызмет түрлері | Айлық есептік көрсеткіш (пайыз мөлшерінде) |
---|---|---|
1 |
Жеке тұлғалардың үй жануарларын |
15,7 |
2 |
Жеке трактор иелерінің жер |
14,9 |