Әкімдіктің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 231 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" қаулысына өзгерті енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жанкелдин ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 шілдеде № 118 қаулысы. Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 тамызда № 9-9-108 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 231 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-9-71 тіркелген аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2008 жылы 15 ақпанында жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерту енгізілсін:
      11-тармақтағы Жастар практикасындағы "төрт ай мерзімге" деген сөздер "алты ай мерзімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Аубакировке жүктелсін;
      3. Осы қаулы алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің уақытша
міндетін атқарушы
Т. Аубакиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады