Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 31 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда № 9-15-101 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, "Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасы туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 152 шешімімен бекітілген Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындауда Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 2 студентіне - 2009 жылы 181336 теңге мөлшерінде;
      медициналық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне - 2009 жылы 180600 теңге мөлшерінде.

      2. "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы білім алуымен байланысты шығыстарын өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.

      3. Меңдіқара ауданы әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Ж. Нұрғалиев

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады