Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 147 "Науырзым ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Әкімиятының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 9-16-83 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 36 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.02.12 № 36 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 14) тармақшаларына, Науырзым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 147 "Науырзым ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы", мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-81, шешіміне сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" 451007000 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде ай сайын атаулы материалдық көмек;
      2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға Мүгедектер күніне 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде бір жолғы атаулы материалдық көмек;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне туған күніне орай 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      5) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруге байланысты шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету;
      6) бірінші және екінші топтағы көру кемістігі бойынша мүгедектерге облыс аумағында жүру үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      7) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      8) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыз азаматтарды жерлеу үшін тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      9) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тамақтануға және науқастың жол жүру шығындарын өтеуге тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      10) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, табысы аз азаматтардың және көп балалы отбасылардың балалары ауданның жалпы орта білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарындағы оқуға төлеу үшін әлеуметтік көмек;
      11) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына емделу үшін әлеуметтік көмек;
      12) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге телефон қызметтері үшін ай сайын 300 (үш жүз) теңге көлемінде (абоненттік ақы) өтемақы;
      13) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және оларға теңестірілгендерге біржолғы 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек;
      14) Жеңіс күніне қаза тапқан әскерилердің жесірлеріне біржолғы материалдық көмек 5000 ( бес мың) теңге мөлшерінде;
      15) Жеңіс күніне қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне біржолғы материалдық көмек 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      16) Жеңіс күніне бейбіт күнде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына бір жолғы 5000 теңге көлемінде материалдық көмек;
      17) ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлеріне коммуналдық қызметтер үшін біржолғы тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес есе мөлшерінде материалдық көмек;
      18) "Құрметті донор" белгісімен марапатталған донорларға тиісті жылдың республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе мөлшерінде әлеуметтік көмек;
      19) азық-түлік себеті мөлшерінің көбеюіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған азаматтарға тоқсан сайын 1909 теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек.
      20) селолық жерде тұратын әлеуметтік саланың қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау.
      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болып ұйғарылсын (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      3. Мыналар, ұйғарылсын:
      1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту жөніндегі шешім құжаттар қабылданған күннен бастап уәкілетті органмен он күн ішінде қабылданады;
      2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографта тексеруден өткізуге байланысты шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсету толық тексеру ақысы мөлшерінде төленеді;
      3) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе басқа да заңды өкілдікке, еңбекке жарамды әкесі (асырап алушы) бала қайтыс болған күнде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда тағайындалады;
      4) қайтыс болған сәтте жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтте бірге тұратын отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
      5) облыс және аудан алдында еңбегі сіңген қайтыс болған зейнеткерлерді қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда, жерлеу үшін әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтте бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаларға төленеді;
      6) туберкулезбен ауыратындарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы белгіленген кедейшілік деңгейінен төмен болған жағдайда белгіленеді;
      7) оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жалпы орта білім беретін мектептердің түлектеріне жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі аудандық комиссия шешімінің негізінде жүргізіледі;
      жоғарғы және арнаулы оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек жылына бір рет оқудың нақты төлемақысы мөлшерінде жоғары немесе орта кәсіби білімі туралы диплом алғанша көрсетіледі;
      уәкілетті орган жоғары және арнаулы орта оқу орындармен білім беру қызметіне келісім шарттар жасайды;
      8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларды емдеу үшін әлеуметтік көмек емдеу ақысының толық көлемінде көрсетіледі;
      9) "Құрметті донор" белгісімен марапатталғандарға біржолғы материалдық көмек куәлікке сәйкес тағайындалады;
      10) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын алу үшін біржолғы материалдық көмек материалдық және әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша тағайындалады.
      4. Әлеуметтік көмекті төлеу тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші дәріжелі банкілер немесе ұйымдар арқылы уәкілетті орган ұсынған тізімге сәйкес, алушылардың жеке шоттарына ақшалай аудару арқылы жүзеге асыралады.
      5. Уәкілетті орган (келісім бойынша) әлеуметтік көмекті тағайындауға қажетті құжаттардың тізімін ұсынсын.
      6. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" 451007000 бюджеттік бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
      7. Науырзым ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 22 ақпандағы № 51 "Науырзым аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 16 "2008 жылғы Науырзым ауданының бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-67, № 8 "Науырзым" аудандық газетінде 2008 жылғы 31 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің                             Т. Өтекеев
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады