Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жузеге асыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 18 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 9-16-84 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 278 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2010.12.31 № 278 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13) және 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасын, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңның 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету, олардың тiршiлiк-тынысы және қоғамға етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасау мақсатында Науырзым ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       1. Науырзым ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде 24 жұмыс орындарына мүгедектер үшiн квота белгiленсiн.
      2. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (М.Т. Қаратаев) (келiсiм бойынша) квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн мүгедектердi жiберудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмiнің                                   Т. Өтекеев
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады