РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3) тармақшасына, 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16–бабына, "Сарыкөл ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Сарыкөл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 92 шешіміне сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен келесі әлеуметтік төлемақылар бекітілсін:
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балалар және жұмыссыздар азаматтарды жерлеуге сәйкесті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он еселі ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) аудан және облыс еңбек рыногында (мемлекеттік білім гранттарының иегерлері болып табылатын, басқа тұлғаларды қоспағанда) өте талап етiлетiн мамандықтар бойынша жоғары және орта оқу орындарындағы оқу құнына байланысты аз қамтылған отбасынан орта жалпы білім мектептерінен түлектеріне шығыстарды өтеу үшін әлеуметтік көмек, сәйкесті бюджетпен қарастырылған қаражаттар шегiнде;
3) Табысы аз, туберкулезбен сырқаттанған адамдарға амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тамақтануға сәйкесті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
4) Фенилкентонуриямен ауыратын мүгедек-балаларға, оларға арнаулы тамақ сатып алу үшін әлеуметтік көмек
5) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға мүгедек күніне және балаларды қорғау күніне 2000 (екі мың) теңге көлемінде әлеуметтік көмек;
6) айына күнкөріс деңгейінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) және кірістен тәуелсіз жедел әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететін азаматтарға жекелеген мән-жайларда сәйкестi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгiленген кемiнде отыз есе айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк көмек;
7) Қазақстан Республикасының дербес зейнеткерлеріне және еңбек сіңірген қызметкерлеріне кемiнде 30000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
8) азаматтардың жекелеген категорияларына мейрам, мәндi және айтулы күндерiне (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, 1,2,3 топтағы мүгедектерге, саяси қуғрын-сүргiн құрбандарына, зейнеткерлерге) сәйкесті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген кемiнде бес еселі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтiк көмек;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға қатты отын сатып алуға сәйкесті қаржы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген он тоғыз еселі ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне ай сайын 230 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
11) аз қамтылған және көп балалы отбасынан, бір ата–анасыз отбасынан, жетім-балаларға кемiнде 10000 (он мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
2. Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып "Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі табылады (бұдан әрi- өкілетті орган).
3. Мұқтажды азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi қосымшаға келiсе анықталсын.
4. Анықталсын:
1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім өкiлеттi органмен 15 күнтiзбелiк аралығында құжаттарды қабылдау күнінен кейін қабылданады;
2) кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтiк көмек ата- ананың бiреуiне не басқа заңды өкiлге тағайындалады;
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтiк көмек қайтыс болғанның отбасының мүшесiне не жерлеудi жүзеге асыратын тұлғаларға төленедi;
4) аудан және облыс рыногында өте талап етiлетiн мамандықтар бойынша жоғары және орта оқу орындарындағы оқу құнына байланысты аз қамтылған отбасынан орта жалпы бiлiм мектептерiнен түлектерiне шығыстарды өтеу үшiн әлеуметтiк көмек өтiнiш берушiге тағайындалады және төленедi;
5) туберкулезбен сырқаттанған адамдарға қосымша тамақтануға әлеуметтiк көмек өтiнiш берушiге, балалар сырқаттанған жағдайда ата-анасына не басқа заңды өкiлдерге отбасы кірісіне тәуелсiз тағайындалады және төленедi;
6) Фенилкентонуриямен ауыратын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек олардың ата-анасына не заңды өкілдерге отбасы кірісіне тәуелсiз тағайындалады және төленедi;
7) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға әлеуметтiк көмек олардың ата-анасына не басқа заңды өкілдерге отбасы кірісіне тәуелсiз тағайындалады және төленедi;
8) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) және жедел әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететін азаматтарға жекелеген мән-жайларда әлеуметтік көмек кiрiстен тәуелсiз өтiнiш берушiге тағайындалады және төленедi;
9) дербес зейнеткерлерге және еңбек сіңірген қызметкерлеріне әлеуметтік көмек осы атағы бар өтiнiш берушiлерге төленедi және тағайындалады;
10) азаматтардың жекелеген категорияларына мейрам, мәндi және айтулы күндерiне (Ұлы Отан соғысына қатысушылар және мүгедектер, мүгедек-балаларға, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, саяси құғын сүргiн құрбанда, зейнеткерлер) әлеуметтік көмек азаматтардың категориясы тiзiмiнiң негiзiнде көрсетiледi;
11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға қатты отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек осы көмектi алушылардың тізім негізінде көрсетіледі;
12) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне әлеуметтiк көмек осы көмектi алушылардың тізімi негізінде көрсетіледі;
13) аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан, бір ата –анасыз отбасынан студенттерге, жетім-балаларға әлеуметтiк көмек азаматтардың осы санатына төленедi;
14) әлеуметтік көмектi төлеу әлеуметтiк көмек алушының жеке шотына екінші деңгейдегі банк немесе банк операциясының сәйкесті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы ақшалай қаражат аудару жолымен уәкілетті органмен ұсынылған тізімдерге келісе жүзеге асырылады.
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкiлдi органдардың шешімі бойынша мұқтаж ететiн азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша өндірілсін.
6. "Мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 96 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-56 2008 жылғы 19 наурыздан, 2008 жылғы 10 сәуірде № 15 "Сарыкөл" газетінде жарияланды), "Мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 15 қыркүйектегі № 333 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-68 2008 жылғы 14 қазаннан, 2008 жылғы 16 қазандағы № 42 "Сарыкөл" газетінде жарияланды), "Мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек туралы" 2008 жылғы 20 ақпандағы № 96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 2 маусымдағы № 171 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы ресми жарияланады және 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ғабдулин
КЕЛIСIЛДI
"Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi" ММ бастығы
____________ Ю. Кондриков
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы
бөлiмi" ММ бастығы
____________ Т. Лысяк
"Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және бюджеттiк жоспарлау
бөлiмi" ММ бастығы
_____________ I. Насыров
Әкiмдiктiң
2009 жылғы 25 маусымдағы
№ 191 қаулысына қосымша
Мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген
категорияларына әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар
тiзбесi
1. Жерлеу үшін әлеуметтік көмек:
1) туған туысқандарынан не жерлеумен айналысатын тұлғалардан өтiнiш;
2) қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшірмесi немесе қайтыс болғаны туралы анықтама;
3) жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама;
4) қайтыс болғанның туыстық байланысын растайтын анықтама немесе жаназа ұйымдастыруын растайтын анықтама;
5) өтiнiш берушiнiң мекен жайын растайтын құжат.
2. Оқу бойынша шығыстарын төлеуге әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның немесе оның заңды өкілінің өтiнiшi;
2) арыз берушінiң оқу орны туралы оқу орынының анықтамасы;
3) алушының заңды өкілеттігiн растайтын құжат;
4) өтiнiш берушiнiң мекен жайын растайтын құжат.
3. Туберкулезбен сырқаттанғандарға әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның немесе оның заңды өкілінің өтiнiшi;
2) арыз берушінiң оқу орны туралы оқу орынының анықтамасы;
3) сырқаттанғанның амбулаториялық емделуде болғанын растайтын емдеу мекемесінен анықтама;
4) өтiнiш берушiнiң мекенжайын растайтын құжат.
4. Фенилкентонуриямен ауыратын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек:
1) баланың заңды өкiлiнiң өтiнiшi;
2) ауруын растайтын емдеу мекемесінен анықтама;
3) өтiнiш берушiнiң мекенжайын растайтын құжат.
5. Мүгедек-балаларға мүгедек күніне және балаларды қорғау күніне әлеуметтік көмек:
1) мүгедек-балалардың өкілетті органмен бекітілген тізімі.
6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
2) жедел әлеуметтік қолдауды мұқтаж ететін белгiлi жағдайларды растайтын құжаттар (ауру, құжаттама, азық-түлік сатып алу, киім, дәрі –дәрмек және басқалар).
3) өтiнiш берушiнiң мекенжайын растайтын құжат.
7. Қазақстан Республикасының дербес зейнеткерлеріне және еңбек сіңірген қызметкерлеріне әлеуметтік көмек:
1) дербес зейнеткердiң және еңбек сіңірген қызметкердiң куәлiгiнiң көшірмесi;
2) өтiнiш берушiнiң мекенжайын растайтын құжат.
8. Мейрам, мәндi және айтулы күндерiне әлеуметтік көмек:
1) өкілетті органмен бекітілген мұқтаж ететін азаматтардың жекелеген категорияларының тізімі.
9. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға қатты отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек;
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінiң және оларға теңестірілген тұлғалардың өкілетті органмен бекітілген тiзiмi.
10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қажеттiлiгiне әлеуметтік көмек;
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң өкілетті органмен бекітілген тiзiмi.
11. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан, бiр ата анасыз отбасыларынан студенттерге, жетiм балаларға әлеуметтік көмек:
1) әлеуметтік көмек сұраған тұлғаның өтініші;
2) оқу орнында студенттiң оқитынын растайтын құжат;
3) өтiнiш берушiнiң мекенжайын растайтын құжат.
12. Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады. Салыстырудан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәландырылады және іске қалыптастырылады.