Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "Павлов селосының", "селосының", "Апан селосының" деген сөздері "ауылдық", "ауылдарының", "Павловка ауылының", "ауылының", "Апановка ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің 25.04.2014 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 35-бабы 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аймақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Павлов ауылдық округі Павловка ауылының атаусыз көшелеріне атау берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Центральная көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне – Целинная көшесі;
3) № 3 атаусыз тұйық көшесіне – Больничный тұйық көшесі;
4) № 4 атаусыз тұйық көшесіне – Рабочий тұйық көшесі;
5) № 5 атаусыз тұйық көшесіне – Молодежный тұйық көшесі;
6) № 6 атаусыз тұйық көшесіне – Гагарин атындағы тұйық көше;
7) № 7 атаусыз тұйық көшесіне – Торговый тұйық көшесі;
8) № 8 атаусыз тұйық көшесіне – Вачасов атындағы тұйық көше;
9) № 9 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі;
10) № 10 атаусыз тұйық көшесіне – Абай атындағы тұйық көше;
11) № 11 атаусыз тұйық көшесіне – Новый тұйық көшесі;
12) № 12 атаусыз көшесіне – Промышленная зона көшесі;
13) № 13 атаусыз көшесіне – Карл Маркс көшесі;
14) № 14 атаусыз көшесіне – Озерная көшесі;
15) № 15 атаусыз көшесіне – Молодежная көшесі;
16) № 16 атаусыз көшесіне – Школьная көшесі;
17) атаусыз көшесіне № 17 – Нижняя көшесі;
18) атаусыз көшесіне № 18 – Верхняя көшесі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов селолық округі әкімдігінің 2010.04.20 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.2. Павлов ауылдық округі Қоржынкөл ауылының атаусыз көшелеріне атау берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Школьная көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне – Центральная көшесі;
3. Павлов ауылдық округі Апановка ауылының атаусыз көшелеріне атау берілсін:
1) № 1 атаусыз көшесіне – Элеваторная көшесі;
2) № 2 атаусыз көшесіне – Автобазовская көшесі;
3) № 3 атаусыз көшесіне – Степная көшесі;
4) № 4 атаусыз көшесіне – Новая көшесі;
5) № 5 атаусыз көшесіне – Вокзальная көшесі;
6) № 6 атаусыз көшесіне – Кооперативная көшесі;
7) № 7 атаусыз көшесіне – Подстанция көшесі;
8) № 8 атаусыз көшесіне – Центральная көшесі;
9) № 9 атаусыз көшесіне – Молодежная көшесі;
10) № 10 атаусыз тұйық көшесіне – Механический ток тұйық көшесі;
11) № 11 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Таран ауданы Павлов селолық округі әкімдігінің 2010.04.20 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлов ауылдық округінің әкімі |
М. Тойғанов |