"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Павлов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлов ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 шешіміне "Павлов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-100 тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "Павлов селосының", "селосының", "Апан селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "Павловка ауылының", "ауылының", "Апановка ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлов ауылдық округінің әкімі М. Жортынбаев