Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 288 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмері 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 9-19-9, "Нұрлы жол" 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 51) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықтың 5 тараудың 13 тармақтың 1) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда баяндалсын:
"тамақтың – тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, айына бес айлық есептік көрсеткіш";
"тұру үшін – тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, айына бес айлық есептік көрсеткіш".
2. Қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданың әкімінің орынбасары М. В Слесарьға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл
ауданының әкімі А. Сейфуллин