"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7–бабының 3–тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2–тармағына сәйкес, Федоров ауданы әкімінің 2009 жылғы 18 тамыздағы № 2-26/802 хатын қарастыра отырып, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ретінде жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері берілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрайымы О. Ковалева
Аудандық
мәслихаттың хатшысы С. Сералинова
КЕЛІСІЛДІ:
"Федоров ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ Д. Белик
19 тамызда 2009 жылғы
"Федоров ауданының ауыл шаруашылық
бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
____________________ В. Завгородний
19 тамызда 2009 жылғы