"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "Қаз Агро" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеу шарттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы N 121/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 маусымда N 3138 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 369/12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.10.2013 N 369/12 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 1-тармағы 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 543-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "Қаз Агро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттерді берудің келесі шарттары белгіленсін:
      беру мақсаты – ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау, ауыл тұрғындарын шағын кредиттеумен қ амтамасыз ету;
      кредит мөлшері – 100 млн. теңге;
      кредит валютасы – теңге;
      кредит беру мерзімі – 5 жылға дейін;
      кредитті игеру кезеңі – 2009 жылғы 31 желтоқсан;
      соңғы қарызгер үшін белгіленген сыйақы мөлшерлемесі жылына 10,5% аспайтын мөлшерде, соның ішінде кредит ретінде берілген бюджет қаражаты үшін – жылына бюджет пайдасына аударуға жататыны 1%;
      бір соңғы қарызгерге кредит қаражатын бөлудің ең төменгі сомасы – 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіш, ең жоғары сомасы – 8000 (сегіз мың ) айлық есептік көрсеткіш.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Закарияновқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады