"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының қорғау аймағы туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 249/18 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 31 желтоқсанда N 3148 тіркелген

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 16, 123-баптарына, 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 18, 53-баптарына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты және Лебяжі аумағындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің сыртқы шекарасы бойындағы жалпы ауданы 721361 га (Шарбақты ауданы - 352392 га, Лебяжі ауданы - 368969 га.) қорғау аймағы кеңейтілсін.
      2. Қорғау аймағының аумағында резерваттың қорғау аймағын кеңейту бөлігінде "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватын құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету енгізуге сәйкес табиғат пайдалану режимі мен тәртібі орнатылсын (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 329 бұйрығымен бекітілген).
      3. "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің директорына қорғау аймағының шекараларын арнайы таңбалармен белгілеу ұсынылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Т. Қ. Закарияновқа жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады