Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдалану үшін 2010 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 257/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2010 жылғы 12 қаңтарда N 3150 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2011 жылғы 16 ақпандағы N 352/32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2011.02.16 N 352/32 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" кодексiнің (Салық кодексінің) 487 бабына және 2003 жылғы 9 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Су кодексі" 38 бабының 5) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін 2010 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері көрсетілген шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы                            Ю. Әлекпаров

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының
(IV сайланған, ХXI сессиясы)
2009 жылғы 20 желтоқсандағы 
N 257/21 шешіміне қосымша  

Р/СN

Арнайы су пайдалану
түрлері

Өлшем бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

тиын

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

текше м

 

6,84

2

Өндіріс, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер)

текше м

 

19,64

3

Ауыл шаруашылығы

текше м

 

5,33

4

Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары

текше м

 

5,33

5

Су көздерінің суын пайдаланбай тоғандарда балық өсірумен айналысатын балық шаруашылықтары

өнімнің тоннасы

138,88


6

Су көліктері

т.км


0,76

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады