Павлодар облысы бойынша ормандарды пайдалану үшін 2010-2011 жылдарға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 258/21 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қаңтарда N 3152 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 2014 жылғы 03 қыркүйектегі N 1-11/560 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облыстық мәслихаты аппарат басшысының 03.09.2014 N 1-11/560 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 6 бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 506-бабына және "Қазақстан Республикасының Орман Кодексі" 14 бабының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы бойынша 2010 жылға арналған ормандарды пайдаланғаны үшiн төленетін төлемақы мөлшерлемелері көрсетiлген шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi  тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы                            Ю. Әлекпаров

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Р. Гафуров

         "Келісілген"
      Павлодар облыстық аумақтық
      Орман және аң шаруашылығы
      инспекциясының бастығы

      Б. Бүламбаев                            2009 жылғы 20 желтоқсан

Павлодар облыстық мәслихатының
(IV сайланған ХХІ сессия) 
2009 жылғы 20 желтоқсандағы
N 258/21 шешіміне қосымша 

N т/н

Атауы

Өлшем бірлігі

2010 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

2011 жылғы бірлік үшін төлемақы мөлшерлемесі (теңге)

1

2

3

4

5


1. Шөп шабу

1

Шабындыққа пайдаланатын жерлер

1 гектар

744

744


2. Мал бағу

1

Ірі мал (ІММ, жылқы)

1 бас

463

463

2

Ұсақ мал (қой)

1 бас

116

116

3

Ұсақ мал (ешкі)

1 бас

405

405

4

Жас мал

1 бас

232

232


3. Омарталардың орналасуы

1

Ара ұясын құру

1 ара ұясы

827

827


4. Қосымша ағаш ресурстарын дайындау

1

Қайың сабағы

1 кг

30

32


5. Мәдени – сауықтыру, ғылыми–зерттеулік мақсаттарында МОҚ аймағын ұзақ мерзімде пайдалануға төлемақы мөлшелемесі

1

Мәдени–сауықтыру, ғылыми–зерттеулік мақсаттарында

1 га

413

413


6. Рекреациондық, спорттық, туристік, мақсаттарда МОҚ аймағын ұзақ мерзімде пайдалануға төлемақы мөлшерлемесі

1

Рекреациондық, туристік, спорттық мақсатта

1 га

1185

1185

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады