Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2, 11-тармақтарына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру - бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.
2. "Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын еске ала отырып Жастар практикасына жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген (бұдан әрі – Кәсіби оқу орны) жұмыссыздардың санын анықтасын.
3. Жастар практикасы жеке меншік нысанына қарамастан, қаланың кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және жүргізіледі. Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара іс-қимыл жасайды. Шартта Жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау санын, мамандық тізімін (мамандық) қарастырады, қажет болса кәсіби дайындық, кәсіби білімі Жастар практикасына қатысушыларын кәсіби біліммен және дағдымен оларды сәйкес мамандығымен қамтамасыз ету міндеттері бойынша жұмысқа қабылдайды. Жұмыс беруші, жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдіруші – Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарын бітірушілеріне Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.
5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Жастар практикасына қатысушылардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға белгіленген бір жарымға дейін ең төменгі мөлшерінде жалақының ең төменгі мөлшеріндегі жалақы көлемінде нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен жүргізіледі.
6. Павлодар қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектеріне практика ұйымдастыру Қағидасы туралы" (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2446 тіркелген, 2004 жылғы 1 маусымдағы "Сарыарқа самалы" N 62, 2004 жылғы 19 мамырдағы "Версия" N 20 газеттерінде жарияланған) N 286/8 қаулысы;
Павлодар қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 1 тамыздағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі "Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектеріне практика ұйымдастыру Қағидасы туралы" Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 7 мамырдағы N 2446 тіркелген N 286/8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 830/14 қаулысының (нормативтік – құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 12-1-20 тіркелген, 2005 жылғы 15 қазандағы "Сарыарқа самалы" N 117, 2005 жылғы 10 қазандағы "Версия" N 41 газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Ә. Қапеновке жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі | Б. Жоламанов |