Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010.01.25 N 28/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру нұсқаулығын бекіту туралы" N 176/3 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-110 тіркелген, 2009 жылғы 9 мамырда N 32 "Ақжол-Новый путь" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Қала әкімдігінің көрсетілген қаулысымен бекітілген Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру Нұсқаулығының 11-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"Меншік құқығында тұрған жеке үйлерде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушыларына үйге сумен жабдықтау жүйесін жүргізуге әлеуметтік біржолғы көмек. 2009 жылғы 15 маусымдағы "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен әкімшілік бағдарламасының бекітілуімен, сметаға сәйкес нақты шығындар бойынша көмектің мөлшері 100 АЕК дейін".
2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 маусымдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "Ақсу қаласында азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді беру нұсқаулығын бекіту туралы" N 176/3 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 365/4 қаулысының күші жойылсын.
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.
Қала әкімі О. Қайыргелдинов