Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережелері туралы" N 26/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 185/21 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда N 12-2-124 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 ақпандағы N 199/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 20.02.2014 N 199/28 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 25-бабының 3 тармағының 3) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 26/5 шешімімен бекітілген қала аумағы мен Ақсу қаласының әкімшілік бағынысындағы елді мекендер құрылысының Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-79 тіркелген, "Ақжол"-"Новый путь" газетінде 2008 жылдың 14 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Ереженің 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын "Ақсу қаласы аумағындағы жеке және заңды тұлғаларға мыналарды атқару қажет";
      Ереженің 65 тармағы мынадай редакцияда жазылсын "Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жобаның сапасы, тапсырыс беруші объектіні пайдалануға тапсырғанға дейін жобаны әзірлеушімен (автормен) және ол келіскен бөлігінде келіскен ұйыммен қамтамасыз етіледі";
      Ереженің 72 тармағындағы "тапсырыс беруші міндетті" деген сөздер "тапсырыс берушіге қажет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            С. Гейн

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады