Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мыналарға:
Жаңа-шаруа ауылындағы бірден отыз бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
Суаткөл ауылындағы бірден отыз жетінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Сарышығанақ селолық
округінің әкімі Т. Әубәкіров