2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүру шығындарын өтеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 136/3 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 сәуірде N 222 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының Паспорттарын бекіту туралы" N 770/12 қаулысын орындауда, әрі қала азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлiгiнде билет құнының 50% көлемiнде келесi санаттағы азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқығы белгіленсін:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер;
      2) 3 топтағы мүгедектер;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар.
      2. Осы қаулының 1 тармағында көрсетiлген азаматтарға жеңiлдiкпен жол жүру құқығын бекiту үшiн кондукторға (бақылаушыға) мiндеттi түрде келесi құжаттар ұсынылуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшiн - зейнеткерлiк куәлiгi;
      2) 3 топтағы мүгедектер үшiн - мүгедектік куәлiгi;
      3) 18 жасқа дейiнгi 4 және одан да көп балалары бар көп балалы аналар үшiн - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министiрлiгiнiң зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық бөлімшесінен (келiсiм бойынша), көп балалы аналардың мемлекеттiк арнайы жәрдемақы алатынын растайтын анықтама.
      3. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" (С. Ә. Арыстанов), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемелерi (Л. П. Векшина), "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң "Екiбастұз диспетчерлiк қызмет орталығы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнымен (М. М. Мұхамеджанов), әрі қоғамдық жолаушылар көлiгi мен жолаушылар тасымалдауды iске асыратын кәсiпорындармен (бұдан әрi - Кәсiпорындар) (келiсiм бойынша) бірлесіп, айына бiр рет қоғамдық жолаушылар көлiгiнiң маршруттарында азаматтардың жекеленген санаттарының жолаушылар ағынына мониторингты iске асырсын.
      4. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (Л. П. Векшина) "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне пайыздық қатынаста Екібастұз қаласының қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр кәсіпорынның қатысуы туралы мәлімет берсін.
      5. "Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Ә. Арыстанов):
      1) азаматтардың жекеленген санаттарын қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызметті өтеу туралы Кәсіпорындармен келісім шарт жасасын;
      2) Есеп айыруды құру:
      Кәсіпорындарға азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын осы қаулының 4- тармағына сәйкес әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы мәліметі бойынша өтеу;
      3) Кәсіпорындарға шығынды өтеу осы қаулының 5-тармағының 2- тармақшасында көрсетілген есеп айыру негізінде жүргізілсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасарлары А. А. Құрмановаға және Н. В. Дычкоға жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының әкiмi                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады