2009 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру шығынын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 137/3 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 сәуірде N 223 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 7 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бап 1-тармақ 14-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті XI сессия) "Екібастұз қаласының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 129/11 шешіміне сәйкес, әрі және қала азаматтарының жекеленген санаттарына "Қала - саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1."Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тегін жүру құқына мына санаттағы азаматтар ие болатыны белгіленсін:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер;
      2) 3-топтағы мүгедектер.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын белгілеу үшін кондукторға (бақылаушыға) міндетті түрде келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
      1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
      2) 3-топтағы мүгедектер үшін - мүгедектік куәлігі.
      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" (С. Арыстанов), "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" (Л. Векшина) мемлекеттік мекемелері "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Екібастұз диспетчерлік қызмет орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (М. Мұхамеджанов), әрі қоғамдық жолаушылар көлігінде "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан, әрі жолаушылар көлігінде жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын кәсіпорынмен (бұдан әрі - Кәсіпорын) бірлесіп айына бір рет қоғамдық жолаушылар көлігінде жекеленген санаттағы жолаушы азаматтар ағынының мониторингісін жүргізсін.
      4. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Арыстанов):
      1) Кәсіпорынмен жекеленген санаттағы азаматтарды "Қала - саяжай" бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы келісімшарт жасасын;
      2) Кәсіпорынға ақысыз жол жүру өтемі осы мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен шығынын өтеуді жүргізсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі және "Қала - саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды іске асыру сәтінен туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н. Дычкоға жүктелсін.

      Екібастұз қаласының әкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады