Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011.02.17 N 26/1-28/73 хаты).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 10 наурыздағы N 65 "2009 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" қаулысымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-4-60 болып тіркеліп, 2009 жылғы 23 мамырдағы N 22 "Ауыл тынысы – Пульс села" аудандық газетінде жарияланған) бекітілген Нұсқаулыққа келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 тармақтың 28) тармақшасы "табысы кедейшілік деңгейінен аспайтын қант диабетімен ауыратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға дәрілік құралдарды өтеуге"деп жаңа редакцияда баяндалсын;
2 тармақ мынадай мазмұндағы 30 тармақшамен толықтырылсын: "30) жоғарғы медициналық оқу орындарының соңғы курстарының студенттері";
4 тармақтың 25) тармақшасы "2 тармақтың 28) тармақшасында көрсетілген санаттарға арналған-жеке шоты көрсетілген арызы негізінде, азаматтық тіркеу кітабының көшірмесі, жеке куәліктің көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы" қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында есепте тұратын мәліметті растайтын анықтама, шот нөмірі" деп жаңа редакцияда баяндалсын;
4 тармақ мынадай мазмұндағы 27 тармақшасымен толықтырылсын: "27) 2 тармақ 30) тармақшасында көрсетілген санаттарға - оқу орнының анықтамасы, білім беру қызмет көрсету бойынша үш тарапты шарттың көшірмесі, интерн бойынша оқу шартының көшірмесі, жеке куәліктің көшірмесі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, шот нөмірі".
5 тармақтың 27) тармақшасы "2 тармақтың 28 тармақшасында көрсетілген санаттарға - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы көмек" деген жаңа редакцияда баяндалсын;
5 тармақ қосымша мынадай мазмұндағы 29 тармақшамен толықтырылсын: "29) 2 тармақтың 30) тармақшасында көрсетілген санаттарға оқу төлемі шартқа сәйкес";
5 тармақтың 24) тармақшасындағы "бір жолғы" сөзі "тоқсан сайынғы" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергіліктi өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлу шегінде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. "2009 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 65 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" аудан әкімідігінің 2009 жылғы 21 тамыздағы N 153 қаулының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға міндеттелсін.
Аудан әкімі М. Көбенов