Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 161 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қазанда N 12-4-65 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 23 қазандағы N 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 23.10.2013 N 260 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 - тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабына 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы 211 тармақтарына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын еске ала отырып Жастар практикасына жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген (бұдан әрі – Кәсіби оқу орны) жұмыссыздардың санын анықтасын.
      3. Жастар практикасы жеке меншік нысанына қарамастан, ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және жүргізіледі. Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде шара іс-қимыл жасайды. Шартта Жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау санын, мамандық тізімін (мамандық) қарастырады, қажет болса кәсіби дайындық, кәсіби білімі Жастар практикасына қатысушыларын кәсіби біліммен және дағдымен оларды сәйкес мамандығымен қамтамасыз ету міндеттері бойынша жұмысқа қабылдайды. Жұмыс беруші, жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдіруші – Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарын бітірушілеріне Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
      4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.
      5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Жастар практикасына қатысушылардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға белгіленген бір жарымға дейін ең төменгі мөлшерінде жалақының ең төменгі мөлшеріндегі жалақы көлемінде нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен жүргізіледі.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ысқақоваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады