Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 28.06.2013 N 210/06 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14-тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 2), 11-тармақтарына сәйкес және халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастапқы, орта және жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарының жас түлектері үшін қосымша әлеуметтік қорғау шарасы болып Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып табылады.
2. Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Өкілетті орган), еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бастапқы, орта, жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарының (әрі қарай – Кәсіптік оқу орындары) жұмыссыз түлектерін жастар тәжірибесіне жолдау үшін олардың санын және жұмыссыз жастар құрамын анықтасын.
3. Өкілетті органға жастар тәжірибесін ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) меншік нысаналарына қарамастан /келісім бойынша/ ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын. Өкілетті орган жұмыс берушімен келісім-шарт негізінде өзара іс–қимыл жасап жұмыс берушінің жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың санын, кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби даярлықты, жастар тәжірибесіне қатысушыларды кәсіптеріне сәйкес кәсіби біліммен, шеберлік пен дағдылармен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады.
Жастар тәжірибесі аясында, кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс беруші өкілетті органмен тиісті келісім–шарт жасасады.
4. Оқыған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектері, оқу орнын аяқтағаннан кейін, Жастар тәжірибесіне қатысуға құқылы.
5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын өкілетті орган нақты жұмыс істеген уақытына 15000 /он бес мың/ теңге көлемінде төлейді.
Атқарылатын жұмыстарының сапасына және күрделілігіне байланысты, кәсіпорындарда және ұйымдарда колданылатын санаулар бойынша нақты істеген жұмысы үшін, өз қаражаты есебінен қосымша үстемақы белгілеуге құқылы.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік саланы бағыттайтын аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Қ. Шәкіров