Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 24.09.2013 N 389/8 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы" N 738 қаулысының 3-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Білім алу кезеңінде ауданның мектепке қарасты интернаттарда тұрып тамақтанатын балалардың тамағы үшін төлемнен ата-аналар босатылсын.
2. Ауданның мектепке қарасты интернаттарда тұратын балаларды тамақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қаппасовқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ж. Шугаев