Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2011.11.29 N 481/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының келісімімен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихат депутаттығына сайлау өткізу жөнінде үгіт баспасөз материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі қосымшаға сәйкес етіліп бекітілсін (бұдан - әрі Орналастырылған жерлерде).
2. Ертіс ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғ. Қайырысқақовқа және Ертіс ауылының әкімі Т. Бекпауовқа үгіт баспасөз материалдары орналастырылған жерлерде стендтерді, жайма тақталарды немесе тумбаларды орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Нақтылы қаулы іске бірінші ресми түрде жарияланғаннан кейін енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Тілеуоваға жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Х. Жүсіпов
17.09.2009 ж.
Ертіс аудандық әкімдігінің
17 қыркүйек 2009 жыл
N 315/9 қаулысына
қосымша
Аудандық мәслихаты депутаттығына сайлау өткізу
бойынша үгіт баспасөз материалдарды орналастыру
үшін орындарды белгілеу Тізбесі
N |
Аудандық округтерінің аталуы |
Орналастыру орны |
Щит, тумбалардың саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Ертіс ауылы |
Мәдениет үйінің жанында |
1 щит 1 тумба |
БАРЛЫҒЫ | 2 щит 1 тумба |
---|