Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13, 14 -тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабының 2, 11-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ тұрғындарды жұмыспен қамтуда жәрдемдесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептердің оқу мекемелерінің жас түлектерін әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралары ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып бекітілсін.
2. Еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Уәкілетті орган) Жастар тәжірибесіне бағыттау үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім, жалпы білім беретін мектептерінің (әрі қарай - кәсіптік оқу орны) түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
3. Уәкілетті орган кәсіпорын, мекеме мен ұйымдардың (әрі қарай – Жұмыс беруші) меншік нысанына қарамастан (келісім бойынша) жастар тәжірибесін ұйымдастырсын, Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде қарым-қатынас жүргізеді. Келісім шартта жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар саны, жұмыс берушінің жұмысқа қабылдайтын, қажет жағдайда қосымша кәсіби даярлайтын кәсіптер (мамандықтар) тізімі, жастар тәжірибесінің қатысушыларын мамандықтарына сәйкес кәсіби біліктілік, шеберлік және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіби оқу мекемелерінің жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті келісім шарт жасайды.
4. Жастар тәжірибесіне оқу орындарын тәмәмдағаннан кейін алған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ кәсіби оқу орындарының түлектері қатыса алады.
5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақыларын ағымдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен нақты жұмыс істеген уақытына ең аз еңбек ақыдан ең аз еңбек ақының жартысына дейін Уәкілетті орган жүргізеді.
6. Бұл қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімі С. Әпсалықов