Ямышев селолық округіне ірі қара малдын сарып ауруы бойынша шектеуді салу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 17 қыркүйектегі N 166/8 қаулысы. Павлодар облысы Лебяжі ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қазанда N 12-9-97 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 06 наурыздағы N 90/3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 06.03.2014 N 90/3 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына, 27–бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеренариялық бас инспекторының берген 2009 жылғы 3 қыркүйектегі N 1-16/440 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ямышев селолық округіне ірі қара мал сарып ауруы бойынша  шектеу салынсын.
      2. Ямышев селолық округінің әкіміне шектеу жағдайы бойынша:
      ауыл шаруашылығы малдарын басқа аймаққа айдауға, әкелуге және әкетуге;
      сүт және сүт өнімдерін әзірлеуге және ауылдан шығаруға;
      шөп әзірлеуге және сатуға;
      көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге рұқсат етілмесін.
      3. Ямышев селолық округінің мемлекеттік ветеринариялық  инспекторы (келісім бойынша) селолық округ әкімімен бірлесе, ауру малдарды жекелеу және карантиндеу бойынша шаралар қабылдасын.
      4. Лебяжі ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлімшесі (келісім бойынша) аудандық орталық ауруханамен бірлесе отырып, селолық округ тұрғындары арасында түсіндіру және алдын-алу іс шараларын жүргізсін.
      5. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Б.Т. Байжановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Әпсалықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ямышев селолық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық
      инспекторы                                 К. Габдрахимов

      2009 жылғы "10" қыркүйек

      Лебяжі ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      А. Жалелов

      2009 жылғы 10 қыркүйек

      Аудандық орталық аурухананың
      бас дәрігері                               А. Сыздықов

      2009 жылғы 10 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады