Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 19 тамыздағы N 179/6 қаулысы. Павлодар облысы Шарбақты ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 қыркүйекте N 12-13-84 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 35/01-18/173 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Шарбақты аудандық әкімдігінің 2010.04.19 N 35/01-18/173 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағының 14 тармақшасы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысымен бекітілген азаматтардың жеке санатына әлеуметтік төлемдер тағайындау Нұсқауына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-13-74 болып тіркелген), 2009 жылғы 15 тамызда N 33 аудандық "Трибуна" газетінде жарияланған:
      2 тармақтағы 17 және 18 тармақшалары алынсын;
      2 тармақтың 19 тармақшадағы "облыстың" сөзінен кейін "интерн бойынша оқуын жалғастырып жатқан студенттер" және "оқу төлемі сомасы" сөзінен кейін "жүріп-тұруларына, тамақтануларына ай сайынғы көмек" сөздері енгізілсін;
      2 тармақтың 20 тармақшадағы "жүріп-тұруларына, тамақтануларына ай сайынғы көмек" сөздері алып тасталсын;
      2 тармақтың 21 тармақша төменгі редакцияда баяндалсын:
      "Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар, 18 жасқа дейін балалары бар отбасылары, бірақ қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген азаматтарға қосалқы шаруашылығын дамытуға, мал-азығын алуға қаражаттай көмек көрсету;
      азаматтардың жеке санатына отын алуға және жеке өтініштері бойынша біржолғы қаражаттай көмек көрсету:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға:
      2) мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушыларға;
      3) 4 және одан көп балалары бар көпбалалы отбасыларына;
      4) зейнеткерлерге;
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға;
      6) мүгедектер мен мүгедек–балалары бар отбасыларына;
      7) жұмыспен қамту бөлімінде есепте тұрған жұмыссыздарға;
      8) онкологиялық  және туберкулез ауруымен ауыратындарға;
      9) күнкөріс деңгейінен төмен тұратын отбасыларына;
      10) жетім балаларға қорғаншыларға және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға".
      2 тармақтың 22 тармақшасындағы "мүгедектер" сөзіне "мүгедек балалар" сөздері енгізілсін;
      2 тармақтың 24 тармақшасындағы "жалғызбасты" сөзі алынсын;
      2 тармақтың 25 тармақшасындағы "Әлеуметтік қамсыздандыру ісінің үздігі" сөзі "және Денсаулық сақтау ісінің үздігімен" толықтырылсын;
      32 тармақшадағы "біржолғы" сөзі "ай сайынғы" сөзімен ауыстырылсын;
      2 тармақ төмендегі мағынадағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "33) отан қорғаушылар күніне қарсы Ауғанстандағы жауынгерлік әрекеттерге қатысушы тұлғаларға берілетін біржолғы төлем;
      34) мүгедек–студентке жоғары оқуына төлеуге біржолғы көмек;
      35) аз қамтамасыз етілген отбасының Семей Медициналық академиясы Павлодарлық филиалының студентіне оқуына төлеуге біржолғы көмек;
      36) ұйымдарға бекітілмеген зейнеткерлерге Қарттар күніне орай біржолғы көмек;
      37) жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған зейнеткерлік жасы алдындағы жұмыссыздарға төленетін біржолғы көмек;
      38) кәсіптік оқуда жүрген жұмыссыздарға жолақыларына, тамақтануларына және тұрғын жайларына төлеуге берілетін біржолғы көмек;
      39) Отан қорғаушылар күніне орай Қарулы Күштер ардагерлеріне төленетін біржолғы көмек;
      40) 2009 жылы мектеп бітірген жетім балаларға төленетін біржолғы көмек;
      41) мектепке дейінгі тәрбиелеу шағын орталығының қызметін төлеуге балалары бар отбасыларына төленетін ай сайынғы өтемақы;
      42) 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай берілетін біржолғы төлемдер:
      1) 100 жыл және одан көп жасаған қарт әйелдерге;
      2) Ұлы Отан Соғысына қатысқан әйелдерге;
      3) 4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      4) Шарбақты ауылдық округінің жалғызбасты қарттарына және мүгедектеріне қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге, аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      5) Этномәдени бірлестік және Мұсылман әйелдер лигасы жетекшілеріне, аудан әкімінің шақыруы бойынша;
      43) Ұлы Отан соғысы мүгектері мен қатысушыларына электрожылыту қондырғышын орнатуға берілетін біржолғы көмек;
      44) 100 жыл және одан көп жасағандарға төленетін ай сайынғы төлемдер;
      45) 90, 100 және одан көп жасағандарға Қарттар күніне орай төленетін біржолғы төлемдер;
      4 тармақтың 1 тармақшадағы "2" саны "4" санымен ауыстырылсын;
      4 тармақтың 2 тармақшадағы "4" саны "2" санымен ауыстырылсын;
      4 тармақтың 3 тармақшасы алынсын;
      4 тармақтың 6 тармақшасындағы "тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі" сөзінен кейін "ауылдық округ әкімі жанындағы комиссиясы өткізетін" сөздері қосылсын және келесі мазмұндағы "Отын алу үшін және жеке өтініші бойынша ауылдық округ әкімі қолдаухаты, тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі және қосалқы шаруашылығын растайтын анықтамадан басқа жоғарыда аталған құжаттар" сөздерімен толықтырылсын.
      4 тармақ төменгі мағынадағы тармақшалармен толықтырылсын;
      "18) Нұсқаудың 2 тармақ 33) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі және аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесімен келісілген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы,салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      19) нұсқаудағы 2 тармақтың 34), 35) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері, оқу төлемі сомасы көрсетілген оқу орнынан анықтама, білім беру туралы шарт негізінде жүргізіледі;
      20) нұсқаудағы 2 тармақтың 36) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі және төлем сомасы көрсетілуі тиіс;
      21) нұсқаудағы 2 тармақтың 37), 38) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      22) нұсқаудағы 2 тармақтың 39) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі" берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      23) нұсқаудағы 2 тармақтың 40) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабы, орта білім туралы аттестаттың көшірмелері және мәртебесін растайтын анықтама негізінде жүргізіледі;
      24) нұсқаудағы 2 тармақтың 41) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері және мектеп директорының қолдаухаты негізінде жүргізіледі;
      25) нұсқаудағы 2 тармақтың 42) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға, соның ішінде:
      100 жыл және одан көп жасағандарға төленетін төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі.
      Ұлы Отан Соғысына қатысушы әйелдерге төленетін төлемдер аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетілген "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі.
      4 және одан көп балалары бар көпбалалы аналарға төлемдер аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетілген "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесімен келісілген тізім негізінде жүргізіледі.
      Ауылдық округтің жалғызбасты қарттарына және мүгедектеріне қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлеріне төленетін төлемдер "Шарбақты ауданының Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі берген тізім негізінде жүргізіледі. Тізімде аты –жөні, туған жылы, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шоты көрсетіледі.
      Этномәдени бірлестік және Мұсылман әйелдер лигасы жетекшілеріне төленетін төлемдер "Шарбақты ауданының ішкі саясат бөлімі" берген тізімдер негізінде жүзеге асырылады. Тізімде аты-жөні, туған жылы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетілуі тиіс;
      26) нұсқаудағы 2 тармақтың 43) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер жеке куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш негізінде жүргізіледі;
      27) нұсқаудағы 2 тармақ 44) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер дербес шотының нөмірі көрсетілген жеке өтініш, жеке басының куәлігі, салық төлеушіні тіркеу нөмірі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде жүргізіледі;
      28) Нұсқаудағы 2 тармақ 45) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға төлемдер "Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" Павлодар облыстық филиалының Шарбақты аудандық бөлімшесі берген тізімдер негізінде жүргізіледі.
      5 бап төмендегі редакцияда мазмұндалсын:
      "5. Әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген қаржының есебі мен есептілігін "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" жүзеге асырады (одан әрі – Бөлім).
      Әлеуметтік төлем туралы мәселені шешуге негіз болатын бастапқы құжаттар (хаттама, тұрмыс жағдайын зерттеу актісі, тізімдер және т.б.) Бөлімде заңнамамен белгіленген мерзімге сақталады.
      Бөлім "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржының игерілуі туралы есеп береді.
      6 және 7 тармақтар алынсын.
      2. "Шарбақты ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік төлемдерді мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы "" Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы "2009 жылы аудан азаматтарының жеке санатын әлеуметтік қолдау туралы" N 7/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 117/4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады