Алматы хайуанаттар саябағы мен Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумақтарында карантиндік аймақтың ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 3/220 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 сәуірде N 814 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 4/324 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2009.05.18 № 4/324 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339-ІІ Заңының 10 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары К.Әлиевтің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 02-16/367 ұсынысы негізінде, Алматы хайуанаттар саябағы аумағында және Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында жануарлардың қауіпті пастереллез ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшаулау және жою мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы хайуанаттар саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны аумағында мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Есенберлин көшесі, 166 және Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 500 «в» карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринарлық режимі белгіленсін.
       2. Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ауылшаруашылық бөлімі Алматы хайуанаттар саябағы мен Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында жануарлардың қауіпті пастереллез ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізсін.
       3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы», қаланың Медеу және Жетісу аудандарының әкімдіктері пастереллездің эпизоотикалық ошағын толығымен жою кезінде осы қаулының орындалғаны туралы қала әкімдігіне ақпарат берсін.
       4. Осы қаулы Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
       5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Шормановқа жүктелсін.

       Алматы қаласының әкімі                     А.Есімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады