"Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының Тізбесін айқындау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 5 наурызда N 1702 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі N 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 9.04.2015 N 120 қаулысымен.
      " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 қаулысына (2008 жылғы 30 сәуірдегі № 1672 Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2008 жылғы 14 мамырдағы "Солтүстік Қазақстан", 2008 жылғы 14 мамырдағы "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген облыстық бюджет қаражаты есебінен қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдар тізбесіндегі:
       2 тармағы алып тасталынсын;
       4 тармағының 1) тармақшасынан ", соның ішінде мектепке дейінгі мемлекеттік мекемелері және қазыналық кәсіпорын" сөздері алып тасталынсын;
       5 тармағы келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
       "14) мұрағатшы."
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

Облыс әкімі

С. Біләлов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады