Бюджеттік кредиттің негізгі шарттарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 маусымдағы N 161 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 маусымда N 1714 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 ақпандағы № 23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 07.02.2020 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 175-бабы 3-тармағына, 180-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашасындағы № 1039 "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттің негізгі шарттары (бұдан әрі – бюджеттік кредит) және қарыз алушылар санаты белгіленсін.

      2. Келесілер айқындалсын:

      бюджеттік кредитті берудің мақсаты – ауылда

      ауыл шаруашылығын,

      қайта өңдеу өнеркәсібін,

      ауылдық жердегі халыққа қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған бизнес-жобаларды іске асыру кезінде қаржылай қолдау көрсету;

      соңғы қарыз алушы санатына – ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жатады;

      бір Соңғы қарыз алушыға бөлінетін кредиттік қаражаттың ең үлкен сомасы - 8 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткіш;

      бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі;

      бюджеттік кредит берудің шекті мерзімі 48 (қырық сегіз) ай, негізгі борышты 24 (жиырма төрт) айға дейін қайтару жөніндегі жеңілдетілген мерзіммен;

      бюджеттік кредитті игеру кезеңі – кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап алты ай;

      Соңғы қарыз алушы үшін 10,5 (он бүтін бес ондық) жылдық пайыз көлемінде кесімді сыйақы ставкасы белгіленсін, оның 1 (бір) жылдық пайызы бюджеттік кредит бергені үшін сәйкес бюджетке аударылуы тиіс.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С. Ескендіровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады