Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешім қабылдау Қағидалары туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 20/10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 22 қаңтарда N 1739 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 16 наурыздағы N 18/12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының  16.08.2013 N 18/12 шешімімен

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша «Ережелері, Ережесі, Ереже, Ережемен» деген сөздер «Қағидалары, Қағидасы, Қағида, Қағидамен» деген сөздермен ауыстырылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013.03.19 N 13/28 Шешімімен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешім қабылдау Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
      ХХ сессиясының төрағасы                    Т. Ткаченко
      Облыстық
      мәлихаттың хатшысы                         Қ. Едіресов

Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы
20 желтоқсандағы № 20/10 шешімімен
бекітілді

Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдерін қабылдау Қағидасы 1. Жалпы Қағида

      1. Қағида жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу, шешім қабылдау және оларды өзгерту үшін жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынының) (әрі қарай жиналыс (жиын) өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Жиналыс (жиын) шегінде жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын барлық әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын азаматтардың өз ерік-қалауын тікелей білдіру нышаны болып табылады.
      3. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) дайындауды, өткізуді ұйымдастыруға және шешімін шығаруға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген осы Қағидамен реттеледі.

2. Жиналысты (жиынды) өткізудің жалпы қағидаттары

      4. Жиналыс (жиын) жергілікті қауымдастық мүшелерінің жалпыға бірдей, тең және ерік-қалауын тікелей білдіру, жариялылығы мен ашықтығын сақтаумен ерікті және өз қалауы негізінде қатысуымен өткізіледі.
      5. Жергілікті қауымдастықтың мүшелері жиналысқа (жиынға) жеке өзі қатысады, әрі олардың әрқайсысы бір дауысқа ие.
      6. Қазақстан Республикасының азаматын жергілікті қауымдастықтың мүшесі деп тану үшін шегінде жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрғылықты тіркелуі негіз болып табылады.
      7. Жергілікті қауымдастық аумағында тұрғылықты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында немесе халықаралық шартта белгіленген шекте жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысады.

3. Шақыру тәртібі

      8. Жергілікті қауымдастықтың жиналысы (жиыны) сәйкес аумақтағы сайлау құқығы бар тұрғындардың 10 пайызынан артығының немесе сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органының бастамасы бойынша шақырылады.
      9. Жергілікті қауымдастықтың жиналысы (жиыны) қажеттілігіне қарай шақырылады.
      10. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) шақыру мүмкін болмаған немесе қиындық тудырған жағдайда жиналыс (жиын) елді мекен, көше, тұрғын үйдегі жергілікті қауымдастық мүшелерімен өткізіледі. Сәйкес аумақтағы тұрғындар пікірін білу үшін жалпы нәтижесін анықтау Жиналыс (жиын) шешімін жариялау жолымен жүзеге асырылады.

4. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) әзірлеу және өткізу тәртібі

      11. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) әзірлеуді және өткізуді тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органы, жергілікті қауымдастықтың мүшелері қамтамасыз етеді.
      12. Жиналыстың (жиынның) өткізілетін күні мен орнын, оның қарауына енгізілетін мәселелер туралы жергілікті өзін-өзі басқарудың жауапты мүшесі тұрғындарға оны өткізетін күннен он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары немесе мерзімдік баспа болмаған жағдайда басқа әдістер арқылы хабарлайды.
      13. Жиналысты (жиынды) ашар алдында қатысып отырған жергілікті қауымдастық мүшелері мен шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
      14. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы (орынбасары) немесе басқа өкілетті тұлға ашады.
      15.Жиналысты (жиынды) өткізу үшін төраға мен хатшы ашық дауыс беру арқылы сайланады. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі келіп түскен ұсыныстарды есепке ала отырып құрылады және қатысушылар санының жай көпшілік дауысымен бекітіледі.

5. Жиналыстық (жиынның) хаттамасы

      16. Жиналыста (жиында) хаттама жүргізіледі, онда жиналыстың (жиынның) өткізілген күні мен орны, қатысып отырған жергілікті қауымдастық мүшелерінің жалпы саны; шақырылғандардың, төраға мен хатшының тегі, аты әкесінің аты; күн тәртібі; сөйлеген сөздердің мазмұны, дауыс беру нәтижелері; қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      17. Хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, оны өткізген күннен кейін үш күннен кешіктірмей оған жиналыс (жиын) төрағасы мен хатшысы қол қояды.

6. Жиналыс (жиын) құзыреті

      18. Жиналыс (жиын) құзіретіне:
      реттелуі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті қауымдастық мүшелерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты жергілікті маңызы бар мәселелерді қарау;
      мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының тұрғындар мүддесіне қатысты тиісті аумақты кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын жүзеге асыруына ықпал ету;
      мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті қауымдастық жиналысында (жиынында) қойылған түйінді мәселелерді шешу бойынша қажетті шаралар қолдану үшін хат жолдау;
      жиналысқа (жиынға) әкімшілік-аумақтық құрылғыларға, қатысушылар тұратын аумаққа қатысты мәселелер бойынша ұсыныс енгізу;
      Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаларға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде басқа да әрекеттер жасауды жүзеге асыру жатады.

7. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімдері

      19. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      20. Шешімдер ашық және құпия дауыс беру арқылы қабылданады.
      21. Шешім оған жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналысына (жиынына)қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда жиналыс (жиын) төрағасының пікірі шешуші дауыс болып саналады.
      22. Шешім хаттама түрінде рәсімделеді және мүдделі тұлғаларға жеткізіледі.
      23. Қабылданған шешімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тек жиналыс (жиын) арқылы ғана енгізіледі.
      24. Жиналыстың (жиынның) шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады немесе жиналыс (жиын) өткізу үшін белгіленген аумақта тұратын жергілікті қауымдастық мүшелерінің назарына мерзімдік баспа болмаған жағдайда басқа әдістер арқылы ол қабылданған күннен он күннен кешіктірмей хабарланады.
      25. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда қауымдастық мүшелері мен басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте шағым-арыз бере алады.

8. Қорытынды Қағида

      26. Осы жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдерін қабылдау жөніндегі Қағида Солтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады