Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 06.11.2013 N 2095 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» 67-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 656 «Петропавл қаласы бойынша құбыр суын жылыту және жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы» (2007 жылғы 10 шілдедегі № 13-1-72 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Проспект СК» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 30 және «Қызылжар нұры» газетінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 31 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағындағы «қабаттық» сөзінен кейінгі «3» саны «1» санына өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Әшімбетов