Бекітілген салық бойынша ставкалар туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2009 жылғы 22 маусымдағы N 14-16 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 шілдеде N 13-2-104 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі N 22-8 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2010.07.26 N 22-8 Шешімімен

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы
Кодексінің 422-бабына сәйкес және аудан әкімінің қолдаухаты негізінде аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің өңірлік бөлімінде 2006 жылғы 12 сәуірдегі 13-2-27 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 16 «Колос» аудандық газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің өңірлік бөлімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы 13-2-50 және 2008 жылғы 11 тамыздағы 13-2-89 нөмірлерімен тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 4 «Колос», № 2 «Аққайың» аудандық газеттерінде жарияланған; нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінің өңірлік бөлімінде 2008 жылғы 11 тамыздағы 13-2-89 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 21 тамыздағы № 35 «Колос» аудандық газетінде жарияланған 2008 жылғы 22 шілдедегі енгізілген өзгерістерімен
«Төлемдердің жеке түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 6 наурыздағы № 28-1 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен күнтізбелік он
күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ХІV сессия
      ІV шақырылымның төрағасы
      аудандық мәслихаттың хатшысы                          Б.Біләлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады