Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 26-6 (бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы № 100-IV "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін іске асыру туралы" Заңынның 36-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:
1. "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 аудандық мәслихат сессиясы шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін. (2008 жылы 29 сәуірде Әділет басқармасында № 13-4-70 тіркелген және 2008 жылы 17 мамырда "Дала дидары" газетінің 20 санында жарияланған)
2. "Жеке төлем түрлері бойынша төлем мөлшерлері туралы" 2008 жылғы 27 наурыздағы № 5-3 аудандық мәслихат сессиясы шешімінің № 1 қосымшасынан келесі кейбір қызмет түрлері алынып тасталсын.
- автокөліктерді әкелуге байланысты қызметтер;
- жеке автокөлік иелеріне жолаушылар тасымалдауға байланысты қызмет; (лицензиясы бар тасымалдаушыларды қоспағанда)
1) аудандық;
2) халықаралық
- жеке автокөлік иелеріне қалаішілік, аудандық, халықаралық жүк тасымалдауға байланысты қызмет; (лицензиясы бар тасымалдаушыларды қоспағанда)
1) 5 тоннаға дейін;
2) 10 тоннаға дейін;
3) 15 тоннадан жоғары;
2. Осы шешім редакцияда ресми мазмұндалған күннен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Е. Жақыпов |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | М. Жұмабаев |
Келісілді: | |
Ақжар аудандық салық | |
басқармасының бастығы | М. Тоқышев |