Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2010.02.02 N 41 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Есіл аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешімінің негізінде (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 қаңтарда № 13-6-107 болып тіркелген, 16.01.2009 жылғы № 3 (8411) «Ишим» газетінде жарияланған), аз қамсыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік төлемақы жасау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аз қамсыздандырылған отбасыларының студенттеріне әлеуметтік төлемдер «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 шығыстардың бюджеттік сыныптама коды бойынша жергілікті аудандық бюджет қаражатынан ұсынылсын.
2. Әлеуметтік төлемдерді алуға жан басына орташа кірісі күнкөрістің ең аз шама деңгейінен төмен отбасыларының мүшелері болып табылатын, мемлекеттік жалпы білім беретін грант иегері болмаған (күндізгі оқу түрі бойынша), Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқитын, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары құқылы.
3. Студенттерге әлеуметтік көмек «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келесі құжаттар негізінде көрсетіледі:
1) қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініштің;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінің (нотариалды расталған);
3) отбасының құрамы туралы анықтаманың;
4) отбасының табыстары туралы анықтаманың;
5) білімі туралы құжатының көшірмесінің (нотариалды расталған);
6) кешенді тестілеу нәтижесінің бекітілген үлгідегі мемлекеттік сертификатының көшірмесінің (нотариалды расталған);
7) Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орнымен оқыту бойынша келісім-шартының.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Есіл ауданының 2009 жылға арналған бюджетінде 451007000 бағдарламасы бойынша бекітілген қаражат шегінде, бір студентке жылына 120000 (жүз жиырма мың) теңгеден аспайтын мөлшерде әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі В. Бубенко
Есіл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 242
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
__________________________________
__________________________________
мекен-жай бойынша тұратын
__________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат
__________________________________
берілген күні ________ ________ берілді
СТН __________________________________
ӨТІНІШ
Маған _________________________________________________ жоғары
оқу орнында білім алуым үшін ________________ теңгені ______________
банкінің ашық филиалындағы __________________ жеке шотыма бөлуіңізді
сұраймын.
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған)
2. Отбасы құрамы туралы анықтама
3. Отбасының табысы туралы анықтама
4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды расталған)
5. Бекітілген үлгідегі кешенді тестілеу нәтижесінің мемлекеттік сертификатының көшірмесі (нотариалды расталған)
6. Солтүстік Қазақстан облысындағы жоғары оқу орнымен расталған келісім-шарт.
Күні _______________ Қолы ______________