Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының селолық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 24/149 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 13-9-137 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 36/213 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 36/213 Шешімімен

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңының 6-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. 2010 жылы Явленка селосының жалпы білім беретін оқу орындарының 1-4-сыныптар оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен ақысыз жүрулеріне құқық берілсін.
      2. Есіл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2010 жылға арналған аудан бюджетінен «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі түрінде оқитын оқушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүрулерін әлеуметтік қолдау» 6.02.464.008 бағдарламасы бойынша 700 (жеті жүз) мың теңге сомасында қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етсін.
      3. Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/87 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізбесінде 2009 жылдың 30 қаңтарында № 13-6-109 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7(140) «Есіл таңы» және 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7(8415) «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Шериязданов
      (ЕАМ)

      КЕЛІСІЛДІ: 2009 жылғы 28 желтоқсан
      «Есіл ауданының білім бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В. Ткаченко
      (АББ)
      «Есіл ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Г. Стороженко
      (АЭБЖБ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады