2009-2010 жылдарға арналған мүгедектер үшін жұмыс орының квотасы туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 6 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 ақпанда N 13-7-103 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 22 мамырдағы N 02-05-1.4-2/328 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының 2012.05.22 N 02-05-1.4-2/328 хаты)

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)14) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданының мекемелері мен кәсіпорындарында жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін 2009-2010 жылдарға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығына жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                      С. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады