Мағжан Жұмабаев ауданында 2009 жылға арналған субсидиялаушы ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарының оңтайлы түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарының тиімді мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы N 174 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 мамырда N 13-9-94 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 3 қазандағы N 02.06-05-05/843 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011.10.03 N 02.06-05-05/843 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген 2009 жылғы көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу Ережелерінің 12 тармағы, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы ғалымдарының ұсыныстары негізінде және биылғы жылғы көктемнің ерекшелігін ескере отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мағжан Жұмабаев ауданында 2009 жылғы ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарының оңтайлы субсидиялаушы түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің тиімді мерзімдері анықталсын:
      1) Орманды далалы аймақ: дақыл:
      жаздық бидай: 15 мамыр–27 мамыр, 2009 жылға арналған алдыңғы дақыл бойынша 30 мамырға дейін; арпа–орта-кеш пісетін сорттар: 25 мамыр–30 мамыр; арпа–орта пісетін сорттар: 30 мамыр–5 маусым; сұлы– орта-кеш пісетін сорттар: 25 мамыр–30 мамыр; сұлы–орта пісетін сорттар: 27 мамыр–30 мамыр; асбұршақ: 25 мамыр–30 мамыр; қарақұмық: 20 мамыр–25 мамыр; рапс: 15 мамыр–18 мамыр.
      2) Жазықтық дала, масақтық аймақ: дақыл:
      жаздық бидай: 15 мамыр–30 мамыр, 2009 жылға арналған алдыңғы дақыл бойынша 5 маусымға дейін; арпа–орта-кеш пісетін сорттар: 25 мамыр–30 мамыр; арпа–орта пісетін сорттар: 30 мамыр–5 маусым; сұлы– орта-кеш пісетін сорттар: 25 мамыр–30 мамыр; сұлы–орта пісетін сорттар: 27 мамыр–30 мамыр; асбұршақ: 25 мамыр–30 мамыр; қарақұмық: 20 мамыр–25 мамыр; рапс: 15 мамыр–20 мамыр.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.У.Сералиновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады