Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 20.12.2012 N 69 шешімімен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36-бабына сәйкес, арнаулы салық режимдері бойынша төлемдердің тиісті ставкаларын белгілеу мақсатында Тайынша ауданы бойынша Салық басқармасымен жүргізілген орташа күндік хронометраждық байқау мен зерттеу деректері негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Біржолғы талондардың ставкалары белгіленсін:
1) 1 қосымшаға сәйкес қәсіпкерлік қызметі ауық-ауық сипатта болатын Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар үшін;
2) 2 қосымшаға сәйкес базарларда қызмет көрсету жұмыстарын орындау, тауарларды сату бойынша қызметті жүзеге асыратын, базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық бөлмелердегі (оңашаланған блоктардағы) сауданы қоспағанда Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін.
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 239 Шешімімен
2. «Тайынша ауданы бойынша төлемнің жеке түрлері жөніндегі мөлшерлемелерді (ставкаларды) белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 шілдедегі № 221 шешімнің (2007 жылғы 15 тамыздағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміндегі тіркеу нөмірі - № 13-11-68, «Тайынша таңы», «Тайыншинские вести» газеттерінде 2007 жылдың 24 тамызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Рафальский
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 101 шешіміне
1-қосымша
Қәсіпкерлік қызметі ауық-ауық сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың ставкалары
№ |
Қызмет түрлерінің тізібесі |
Әр күнге біржолғы талонның құны |
1 |
Сату (стационарлық бөлмелерде жүзеге асырылатын қызметті қоспағанда) |
55 105 120 60 110 550 110 |
2 |
Жер учаскелерінөңдеу жөніндегі жеке меншік тракторлар иелерімен көрсетілетін қызметтер |
300 |
3 |
Құстар мен үй жануарларының өрісі |
40 |
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 101 шешіміне
2-қосымша
Қызметтерін базарда жүзеге асыратын, сатылатын тауарлардың түрлері бойынша жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар ставкаларының құны
№ |
Сатылатын тауарлардың атаулары |
Сауданың әр күні үшін біржолғы талонның құны (теңгеде) |
1 |
Қолдағы сауда |
65 |
2 |
Өнеркәсіп тауарларын прилавкадан сату |
220 |
3 |
Азық-түлік тауарларын прилавкадан сату |
220 |
4 |
Шұжық өнімдерін прилавкадан сату |
420 |
5 |
Ет өнімдерін прилавкадан сату |
370 |
6 |
Азық-түлікті шатырдан сату |
220 |
7 |
Өнеркәсіп тауарларын шатырдан сату |
220 |
8 |
Құрылыс материалдарын сату |
320 |
9 |
Азық-түлік өнімдерін сату (көкөністерді, жемістерді) сату |
220 |
10 |
Жиһазды сату |
200 |
11 |
DVD және CD дисктерін, кассеталарын сату |
50 |
12 |
Тәтті тағам бұйымдарын сату |
150 |