1993 жылы туған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда N 13-11-162 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы N 02.10-07-02-542 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.22 N 02.10-07-02-542 хаты)

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1718-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру мақсатында аудан әкімі ШЕШТІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған, тіркелетін жылы он жетіге толатын және одан үлкен жастағы бұрын тіркеуден өткен тұлғаларды, Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың қаңтар-наурызы аралығында тіркеу жүргізілсін.
      2. Ұсынылсын:
      1) Тайынша қ. мен селолық округтардың әкімдеріне әскери міндеттілер мен шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылуы туралы құлақтандыру және олардың уақтылы келуін қамтамасыз ету;
      2) Аудандық қаржы бөлімінің бастығына (Джердж С.В.) тіркеу компаниясын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен ақшалай қаражат бөлу;
      3) Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Байқадамов Х.Ф.) тіркеу жүргізу кезінде ұсынылсын:
      - шақыру учаскесіндегі реттілік пен тәртіпті қамтамасыз ету;
      - шақыру учаскесіне азаматтардың келуін бақылауды іске асыру, тіркелуден жалтарғандардың жолын кесу;
      - әскери міндеттерін орындаудан жалтарған тұлғаларды іздеу мен ұстауды іске асыру;
      4) Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Рафальский А.П.) (келісім бойынша):
      - шақыру учаскесінде тіркеу жөніндегі медициналық комиссия үшін қажетті жабдықтармен, құжаттармен және қажетті дәрі-дәрмектермен және тіркелетіндерді медициналық қарау үшін дәрігер мамандарды іріктеуді қамтамасыз етсін;
      - қажетті зертханалық зерттеулер жүргізсін;
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Маковский
      Келісілді:
      Тайынша ауданы қорғаныс істер
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Е. Мұсақұлов
      Аудандық ішкі істер бөлімінің
      бастығы                                    Х. Байқадамов
      Тайынша ауданы ауруханасының
      бас дәрігері                               А. Рафальский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады