Мақат ауданының Қошқар, Комсомол және Бек-бике елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 14 қазандағы N 235 қаулысы және 2009 жылғы 16 қазандағы N 267-IV шешімі Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 қарашада N 2552 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Мақат ауданының өкілетті және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, экономикалық мақсаттылыққа және Мақат ауданының кейбір елді мекендері тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттілігіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және IV шақырылған облыстық мәслихат кезекті XVII сессиясында ШЕШТІ:
      1. Тұрғындарын көшіруге байланысты Мақат ауданының Қошқар, Комсомол және Бек-бике елді мекендері таратылсын.
      2. Мақат ауданының әкімі:
      1) толыққанды өмір сүруді қамтамасыз ету үшін көшірілетін тұрғындардың тұрғын үйге (шаршы метр), мектепке дейінгі балалар мекемелеріне (орындарға), жалпы білім беретін мектептерге (орындарға), жұмысқа орналастыруға (мамандықтары бойынша) қажеттілігі және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес басқа да жағдайлары туралы анықтама дайындасын;
      2) Атырау қаласының, Махамбет ауданының әкімдерімен, облыстық cәулет және қала құрылысы, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларымен бірлесіп он күндік мерзімде тұрғындарды кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, ұсынсын.
      3. Атырау қаласының, Мақат, Махамбет аудандарының әкімдері, облыстық cәулет және қала құрылысы, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары осы қаулы мен шешімнен туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен он күндік мерзімде тұрғындарды көшіру жұмыстарын республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін тиісті материалдарды дайындасын.
      5. Осы қаулы мен шешім, 2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енетін 1-тармағын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      6. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы А.А. Керімовке жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімінің
      XVII сессиясының төрағасы             міндетін атқарушы
      А. Есенжанов                          Н. Нұрбеков

      Облыстық мәслихат хатшысы             Ж. Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады