Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16, 17 және 44 баптарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын басшылыққа алып ШЕШЕМІН:
1. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (бұдан әрі - Қорғаныс істері жөніндегі департамент) (келісім бойынша) 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Атырау облысының 1993 жылы туған азаматтарын, сондай-ақ бұрын тіркеуден өтпеген жасы үлкендерді Атырау қаласының және аудандарының шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастырып, жүргізу ұсынылсын.
2. Атырау қаласы және аудандар әкімдері:
1) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу үшін тіркеу комиссияларын құрсын;
2) Атырау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма) және Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерінің (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдері) жоспарларына сәйкес азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;
3) Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарманың және қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдері бойынша шақыру учаскелеріне арналған орын-жаймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, жабдықтармен, қажетті мөлшерде медициналық және техникалық қызметкерлермен, автомобиль көлігімен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін.
Шақыру учаскелеріне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс-шараларды орындаумен байланысты шығындарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын;
4) 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындыларын 2010 жылғы 7 сәуірге дейін Атырау қаласы мен аудандар әкімдіктерінің мәжілістерінде қарасын.
3. Атырау облысы Ішкі істер департаментіне (келісім бойынша) тіркеу кезеңінде шақыру учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, белгіленген мерзімде шақыру учаскелеріне келмеген азаматтарды іздестіруді және қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма мен қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдерге жеткізу ұсынылсын.
4. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы:
1) Атырау қаласы мен аудандардың тіркеу жөніндегі медициналық комиссияларын жергілікті емдеу мекемелерінің тиісті дайындығы және әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі дәрігерлермен жиынтықтауды бақылауға алсын;
2) қажеттілігіне қарай қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес облыстық емдеу мекемелерінің дәрігер-мамандарын аудандарға жіберсін;
3) тіркеу барысында анықталған сырқат азаматтармен емдеу- сауықтыру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырсын, емдеу мекемелерінде қажетті орын санын бөлсін, сырқат шақырушыларды есепке алу және емдеу мекемелерінің жасөспірімдер кабинеттерінде олармен сауықтыру шараларын жүргізсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев